Украина «Нафтогаздың» қызметін тоқтатады
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Нафтогаз Украины» қайта құрудан кейiн өз қызметін тоқтатады. Бұл туралы Украина премьер-министрi Николай Азаров хабарлады, деп хабарлады УНИАН.
Премьер атап өткендей, газ өндiрушiден басқа, «Нафтогаздан» газ транзитімен шұғылданатын компаниялар бөлінеді.
Одан бөлек Азаров «Нафтогаз Украины» компаниясының қызметін тоқтату сонымен бірге «Газпроммен» қазіргі газ келісім-шартын қарастыруға себеп болады деп түсіндірді.
Оның айтуынша, «Нафтогаз Украины» ҰАК-ның барлық кредиттік міндеттемелерін мемлекет кепілдендіріп, орындайды.