Украина Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды 100 пайыз санап шықты

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы электрондық хаттамалардың 100 пайызын санап шықты. Оның қорытындысы бойынша Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович президенттік сайлаудың екінші турында - 48,68 пайыз дауыс алса, премьер-министр Юлия Тимошенко - 45,7 пайыз дауыс алды,

Украина Орталық   сайлау комиссиясы     дауыстарды 100 пайыз  санап шықты

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Ал «РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, Эстония Президенті Тоомас Хендрик Ильвес сайлаудағы жеңісімен құттықтап Виктор Януковичке жеделхат жолдады.

Латвия Президенті Валдис Затлерс те телефон арқылы Виктор Януковичті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Аймақтар партиясының баспасөз қызметінен хабарлаған.