Украина парламентінің отырысы төбелестің кесірінен жабылды
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Украина Жоғарғы радасының төрағасы Владимир Рыбак парламент отырысын төбелестің кесірінен жапты, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.
Соттарды тағайындау кезінде биліктегі Аймақтар партиясының депутаттары өзгенің карточкаларымен дауыс берген. «Свобода» оңшыл радикальдық партиясынан сайланған депутаттар өздерінің көшбасшысы Олег Тягнибоктың бастауымен дауыс беруге кедергі жасауға тырысты.
Ал «Батькивщина» оппозициялық партиясының өкілдері спикер өткізіп отырған қабырға жақтағы ложаға баса-көктеп ұмтылды. Бұдан кейін В.Рыбак отырысты жабуға мәжбүр болды.