Украина Премьер-Министрі Николай Азаров отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Премьер-Министрі Николай Азаров елдегі саяси дағдарыстың оң шешілуіне мүдделі екенін білдіріп, оның бейбіт мақсатта жүзеге асуы үшін отставкаға кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Украина Премьер-Министрі Николай Азаров отставкаға кетті

«Қоғамдық-саяси ымыраға келу және туындаған жанжалды мәселелердің бейбіт түрде шешілуі үшін мен Украина Президентіне елдің Премьер-Министрі лауазымынан кету туралы өтінішімді білдіруге шешім қабылдадым», - деген Н.Азаровтың сөзі келтірілген министрлер кабинетінің сайтындағы хабарламада.