18:05, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Украина Премьер-Министрі ресми сапармен Қазақстанға аттанды
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Украина Премьер-Министрі Николай Азаров екі күндік ресми сапармен Қазақстан Республикасына аттанды, деп хабарлайды Укринформ.

24 қараша күні Н.Азаров Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен «тет-а-тет» форматында және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізеді.
Күннің екінші жартысында Украинаның Үкімет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Украина-Қазақстан бизнес форумына қатысады.
Ертең кешке Николай Азаров «Нұр Отан» партиясының басшылығымен кездесу өткізеді, сонда-ақ «Астана» телеарнасына сұхбат береді.