Украина Президенті 11 губернаторды қызметінен босатты
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович бұрынғы президент Виктор Ющенконың өкілеттігі мерзімінің аяқталуына байланысты 11 облыстың губернаторын қызметтерінен босатты,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Сәйкес жарлықтар мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды. Атап айтқанда, Закарпат, Хмельницкий, Киев және Запорожье облыстарының губернаторлары қызметтерінен босатылды.
Янукович сондай-ақ Одесса губернаторын, Николаев, Луганск және Донецк облыстарының губернаторларын жұмыстан босату туралы жарлықтарға қол қойды.