Украина президенті елді басқарудан бас тартпайтынын жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктор Янукович ел парламентінің оны биліктен шеттеу туралы қаулы шығарғанынан және президенттік сайлаудың 25 мамырға белгіленгенінен хабардар. Алайда, ол өз билігін жалғастыра беретінін мәлімдеді, деп жазады РБК.

Украина президенті елді басқарудан бас тартпайтынын жеткізді

«Президент Жоғарғы раданың ешбір шешімін мойындамайды, оның ішінде өзін биліктен шеттету туралы шешімді де қабыл алмайды. Оның Харьковте жұмыс сапарымен жүргеніне небәрі жарты тәулік қана болды, бірақ бұл оның өздігінен биліктен кеткенін білдірмейді», - дейді Украина басшысының кеңесшісі Анна Герман. Оның айтуынша, Янукович ел басқарып қала бермек, ол өз міндеттерін атқарудан бас тартпайды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жоғарғы рада Януковичті ел билігінен шеттетуге дауыс беріп, ағымдағы жылдың 25 мамырында кезектен тыс президенттік сайлау өткізілетіні туралы мәлім еткен еді.