Украина президенті қаржы министрі Хорошковскийді қызметінен босатты
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Украинаның президенті Виктор Янукович Валерий Хорошковскийді қаржы министрі қызметінен босатып, оны бірінші вице-министр етіп тағайындады.
Бұл туралы президент әкімшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды Утро.ру.
2012 жылдың 18 қаңтарында В.Хорошковский қаржы министрі болып тағайындалған. Бұған дейін ол Украинаның қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін атқарған. Президенттің Андрей Клюевті орнынан алып, оны Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы жұмысына ауыстырғаннан кейін, 14 ақпаннан бастап Украинаның бірінші вице-министрінің лауазымы бос болды.
В.Хорошковский - Украинадағы танымал бизнесмен және саясаткер. 2002 жылы ол Украина президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болған. Әр жылдары елдің экономика және еуропалық интеграция мәселелері бойынша министрі, мемлекеттік кедендік қызметтің төрағасы болып істеген. 2009 жылы ол Украинаның қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары, бір жылдан кейін - оның бастығы, ал 2012 жылдың қаңтар айында қаржы министрі болды.