Украина Президенті тұмауға байланысты сайлау мерзімі ауыстырылмайтынын қуаттады

АСТАНА.  Қарашаның 11-і.  ҚазАқпарат - Украина  Президенті Виктор Ющенко сейсенбі күні  Херсон облыстық  «Скифия»   телекомпаниясының  эфирінде  сөйлеген сөзінде, қазан айының соңында басталған  тұмау індетіне байланысты  елде  төтенше жағдай  жарияламайтынын мәлім етті.

Украина   Президенті  тұмауға байланысты сайлау  мерзімі ауыстырылмайтынын  қуаттады

Өткен аптада  елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс  кеңесінің  хатшысы Раиса Богатырева  тұмау  індетіне байланысты елде    төтенше жағдай   енгізілу   мүмкіндігін   жоққа шығармаған   еді.   Ел  Конституциясында     пандемия жағдайында  төтенше жағдайдың енгізілуіне   рұқсат     етілген.     Төтенше жағдай    кезінде   сайлау  өткізуге тыйым  салынады.    Ал   2010 жылы қаңтардың 10-ында  Украинада   президенттік сайлау  өтуі керек,  деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  «РИА  «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

«Президент,  эпидемияның  таралуы    Украинада  төтенше жағдай  енгізуге   әкелмейтінін  және   сайлаудың өткізілу мерзіміне әсер  етпейтінін айтып  сендірді»,  - делінген     мемлекет басшысының баспасөз қызметінің  хабарламасында.

Бүгінгі күнгі жағдай  бойынша,  елде    1 миллионнан  астам адам    тұмаумен  ауырып  жатыр, 174 адам     көз жұмды.