Украина ПТР-анықтамасы бар азаматтарға елге кіруге рұқсат берді

КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Украинаның министрлер кабинеті коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі туралы анықтама ұсынатындарға елге кіруге рұқсат берді. Бұл туралы брифинг барысында Украинаның Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Укринформға» сілтеме жасап.

Украина ПТР-анықтамасы бар азаматтарға елге кіруге рұқсат берді


«Шекара тізіміне қатысты өзгерістер енгізілді... Азамат қай елден келгеніне қарамастан, барлығы ПТР әдісімен тестілеу жөнінде анықтама ұсынуы қажет», - деді министр.

Тестің жасалған мерзімі Украинаға кірерден 48 сағаттан аспауы тиіс.

Укринформның мәліметінше, пандемия басталғалы елде коронавирусқа жалпы 1 565 732 адам шалдықты, жазылды – 1 268 886 науқас, қайтыс болды – 30 431 адам.