Украина Радасында сессияның алғашқы күні төбелес болды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарифтерін көтеруге мораторий енгізу туралы мәселенің қаралуын талап еткен Юлия Тимошенконың жақтаушылары үзіліс кезінде мінбеге өтіп, оны жауып тастауға талпынған. Ал Аймақтар партиясының мүшелері өз кезектерінде, оларға кедергі жасамақ болып, олардың әрекеттерінің соңы төбелеске ұласқан.
Киевте парламент ғимаратының алдына үкіметтік экономикалық реформалар бағдарламасын қолдаушылар мен оған наразылық білдірушілер жиналып тұр. Аймақтар партиясының жақтаушылары парламент жұмысына оппозицияның кедергі жасауына жол бермеу үшін, парламент ғимаратын қоршап алып тұр.
Рада түбіндегі митингті Юлия Тимошенконың блогы мен «Азаттық» бүкілукраиналық бірлестігі ұйымдастырып отыр.