Украина Ресейге кез келген уақытта экономикалық соғыс аша алады

Бұл жайында lenta.ru сайты хабарлады. Ресейдің БАҚ-тары сауда соғысына рұқсат ететін бұл заңды Украина ең бірінші Ресейге қолдануы мүмкін деп шулап жатыр.
Украинаның Аймақтық партиясының депутаты сауда соғысы туралы бұл заңды «ірімшік мәселесіне» орай оңтайлы қолдануға болатынын атап өткен. Дегенмен, ол бұл заңның Ресейге тікелей бағытталмағанын баса айтып, тек Ресейдің азық-түлік бақылау басқармасының басшысы Геннедий Онищенконың РФ-ға украиналық ірімшіктердің кейбір сорттарын кіргізуге тыйым салғаны осындай қадамға итермелегенін бүркемелеп жеткізген.
Жаңа заң рұқсат ететін сауда соғыстарын украина билігі лицензиялау режимінің көмегімен жүргізетін болады. Ендігі уақытта украиналық депутаттар импорттаушыларды бұрынғы жеңілдіктерінен қағып, кейбір жағдайларда оларға қарсы жартылай немесе бүтіндей эмбарго жариялай алады.