Украина СІМ басшысының орынбасары Кабулда ұшақты айдап кеткені туралы мәлімдеді
КИЕВ. УКРИНФОРМ-ҚазАқпарат – Өткен жексенбі күні Кабул әуежайында қаруланған белгісіз адамдар ұшақты басып алды. Ол Ауғанстаннан азаматтарды эвакуациялауы керек болатын. Бұл туралы Қоғамдық радиоға түсініктеме беру кезінде сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.
«Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа біреулер басып алды. Олар қарулы адамдар еді. Сейсенбі күні біздің ұшақ ұрланды – украиналықтарды жеткізудің орнына ол бортындағы белгісіз жолаушылар тобымен Иранға ұшты. Біздің одан кейінгі адамдарды эвакуациялау бойынша үш әрекетіміз де сәтсіз аяқталды, себебі жолаушылар әуежай аумағына кіре алмады», - деді СІМ басшысының орынбасары.
Ол соңғы апта бойы министр Кулебаның басшылығымен бүкіл дипломатиялық қызметтің «краш-тест» режимінде жұмыс істегенін айтып өтті.
Укринформның хабарлауынша, 23 тамыз күні кешке Киевке Кабулдан келген ұшақ қонды.
Оның бортында Ауғанстаннан эвакуацияланған 98 адам болған, олардың 41-і – украиналық.