Украина соты «Мәңгі алаудың» жалынына жұмыртқа қуырған студент қызға үкім шығарды

 АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Киевте 2010 жылдың желтоқсанында Украина астанасындағы «Мәңгі алау» ескерткішінің жалынына жұмыртқа қуырған Анна Синьковаға үкім шығарылды.
None
None

Бұл туралы Ресей Жаңалықтары агенттігі хабарлады. Бойжеткен шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оның сөзіне қарағанда, ол үкімді қайта қарауды сұрайтын болады.

Синькова Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған ескерткіштің алауына өзіне таңғы асты әзірлеген видеобейне интернетте пайда болғаннан кейін қамауға алынды.  Қыздың бұл қылығы киевтіктердің, әсіресе ардагерлердің ашуын тудырды. Оған «Ескерткішті қорлау» бабы бойынша айып тағылды.

Студент қыз болса өзін кінәлі деп санамайды. Ол өзінің акциясымен Украинада газдың мақсатсыз пайдаланылуы мен адрагерлерге жеткіліксіз назар аударылып отырғанына қарсы наразылық білдіргендігін мәлім етті.

Бұл ретте украина прокуратурасы оған тағайындалған жаза тым жеңіл деп есептейді. Прокурор Дмитрий Байдюктің айтуынша, алдағы таяу уақытта мемлекеттік айыптау тарапы үкімді қайта қарау туралы өтініш түсіретін болады.

Соңғы жаңалықтар