Украина Үкіметінің құрамы Майданда бекітіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиндық Үкіметтің жаңа құрамы сәрсенбіде Киевтің Тәуелсіздік Майданында жарияланып, бекітіледі. Бұл туралы «Батькивщина» партиясының сайтында хабарланды.
Бұл «халықтық жиналыс» форматында сағат 19:00 кезінде басталады деп күтілуде. «Батькивщина» сайтында Майдан Кеңесі осы шараға барлық «майдандықтар» мен отандастарды шақыратындығы хабарланған. Бұдан бұрын хабарланғандай, министерлердің жаңа кабинетінің құрамына саясаткерлерден бөлек, қоғамдастық өкілдері де кіретін болады.