Украина: үкіметтің жаңа құрамы бекітілді
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Жоғарғы Рада Украина үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Укринформның хабарлауынша, Парламент Андрей Клюевті бірінші вице-премьер-министр; Борис Колесниковті - вице-премьер-министр; Владимир Семиноженконы - вице-премьер-министр; Владимир Сивковичті - вице-премьер-министр; Виктор Слаутаны - вице премьер-министр;
Сергей Тигипконы - вице премьер-министр; Виктор Тихоновты - вице премьер-министр; Виктор Бойконы - қоршаған орта министрі; Юрий Бойконы - отын және энергетика министрі; Константин Ефименконы - көлік және байланыс министрі; Дмитрий Колесниковті - өнеркәсіп саясаты министрі; Михаил Кулиняканы - мәдениет және туризм министрі; Александр Лавриновичті - әділет министрі; Зиновий Митникті - денсаулық сақтау министрі; Анатолий Могилевті - ішкі істер министрі; Василий Надраганы -еңбек және әлеуметтік саясат министрі; Александр Поповты - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі; Михаил Присяжнюкті - аграрлық саясат министрі; Равиль Сафиуллинді - отбасы, жастар және спорт министрі; Дмитрий Табачникті - білім министрі; Анатолий Толстоуховты - Министрлер кабинетінің министрі; Василий Цушконы - экономика министрі; Федор Ярошенконы - қаржы министрі; Владимир Яцубаны - аймақтық даму министрі; Юрий Ященконы - көмір өнеркәсібі министрі; Нестор Шуфричті - төтенше жағдайлар министрі; Константин Грищенконы - сыртқы істер министрі; Михаил Ежельді - қорғаныс министрі етіп бекітті.
Бұдан бұрын Жоғарғы Рада президент Виктор Януковичтің ұсынуымен премьер-министр қызметіне Николай Азаровты тағайындаған болатын.