Украина және басқа да шиеленіс нүктелеріндегі қантөгісті тоқтату әрекеті нәтиже бермей отыр – Мәулен Әшімбаев

съез
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Украинадағы және басқа да шиеленіс нүктелердегі қантөгісті тоқтату әрекеті нәтиже берер емес. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Дін лидерлері табысты диалог пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетсе, әлемдік саясатта келіспеушіліктер мен қақтығыстар артып келеді. Біз ірі державалардың геосаяси бәсекелестігінің өсуін және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің эрозиясын көріп отырмыз. Өкінішке орай, Украинадағы және басқа да шиеленіс нүктелердегі қантөгісті тоқтату әрекеті әлі де нәтиже берер емес. Таяу Шығыстағы шиеленістің артуы, бейбіт тұрғындар арасында көптеген адам құрбан болған Палестина-Израиль қақтығысының күшеюі бәрімізді алаңдатады. Мұндай жағдайда біз жанжалдың одан әрі өршуіне және кеңеюіне әкелуі мүмкін әрекеттерге жүгінбей, жағдайды бейбіт жолмен шешудің саяси құралдарын іздеуге шақырамыз. Сонымен қатар, біз жаһандық стратегиялық сын-қатерлерді еңсеру бойынша халықаралық күш-жігердің тиімділігі төмендеп жатқанын көріп отырмыз», — деді Мәулен Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, бүгінгі өткір дағдарыстар аясында тұрақты даму, климаттың өзгеруі, биологиялық қауіп-қатер, ядролық қарусыздану, теңсіздік проблемасы және өзге де іргелі сын-тегеуіріндер екінші орынға сырғып отыр.

съез
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Осынау экзистенциалдық қатер қаупі артып келе жатыр. Мұның үстіне оларды еңсеру барша әлемдік қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерін талап етеді», — деді Сенат төрағасы.

Соңғы жаңалықтар