12:01, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Украина және Ресей Қара теңіз флотына жеңілдетілген кеден режимін енгізбекші
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат -Ресей Федерациясының Қара теңіз флотында жеңілдетілген кеден режимін енгізу туралы туралы Украина мен Ресей арасында келіссөздердің кезекті раунды өтеді.

РБК агенттігің мәліметіне қарағанда, бұл туралы брифингте Украина ІІМ-нің баспасөз хатшысы Александр Дикусаров мәлімдеген.
«2011 жылдың 24-25 қарашасында Украинаның Сыртқы істер министрлігінде кезекті отырыс өтеді. Онда Украина аумағында РФ Қара теңіз Флоты болуы әскери-саяси проблемалары бойынша украин-ресей келіссөздерінің кезекті раунды өтеді», - деді дипломат.
Оның айтуынша, «келіссөздер барысында Украина және Ресей арасындағы келісім жобалары егжей-тегжейлі талқыланатын болады. Украина мен РФ Үкіметтерінің арасындағы келісімді Ресей тарапы ұсынып отыр. Нақтырақ айтқанда, Украина аумағында Қара теңіз Флотының техникалық құралдары мен тауарларын жеңілдетілген кедендік режим бойынша өткізу мәселелері талқыланады.