Украина жанжалын Минск уағдаластығын орындау арқылы ғана шешуге болады - Е.Ыдырысов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина жанжалын Минск уағдаластығын орындау арқылы ғана шешуге болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

Украина жанжалын Минск уағдаластығын орындау арқылы ғана шешуге болады - Е.Ыдырысов

Министр өз сөзінде Минск уағдаластығының бастамашысы әрі катализаторы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болғанын айрықша атап өтті.

«Біздің Көшбасшымыз және барлық қазақстандықтар украин дағдарысын жүректеріне жақын қабылдайды. Өтйкені, Украина біздің жақын ел. Өздеріңіз де білетіндей, Қазақстанда көптеген украин тұрады немесе шыққан тегі украиндықтардың саны шамамен 300 мың адамды құрайды», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан Украинадағы жанжалды реттеудің жолдарын үнемі іздеп келеді. Бірақ қазіргі уақытта «Нормад үлгісіндегі Минск уағдаластығынан» артық еш шара жоқ.

«Сол себепті ахуалды реттеудің жалғыз жолы тарлық қатысушы тараптардың аталған келісімді мүлтіксіз орындауы болып тұр. Барлық елдер Минск уағдаластығына қатысушы елдерді оны жүзеге асыруға барлық күш-жігерді жұмсауға шақыруда. Дегенмен біз бұл Украинадағы дағдарысты реттеуге мүмкіндік алудың қолдағы жалғыз әрі дұрыс шарасы екендігіне сенімдіміз. Біз барлық саяси және басқа да әдістермен оған жәрдем болуға тырысудамыз», - деді Е.Ыдырысов.