Украина Жоғарғы Радасы Турчиновқа президенттің міндетін жүктеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның халық депутаттары Жоғарғы Раданың төрағасы Александр Турчиновқа ел конституциясының 112-бабына сәйкес Украина президентінің міндетін жүктеу туралы №4204 қаулының жобасын қолдады, деп хабарлады РБК.
Бұл шешімге 285 халық депутаты дауыс берді, деп хабарлады «РБК-Украина».
Қаулыға сәйкес Турчинов жаңа президент сайланғанға дейін Украина президентінің міндеттерін атқаратын болады.