Украина Жоғарғы радасы жұмысын төбелеспен бастады

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Украин парламентінің бірінші жұмыс күнінде «Свобода» бірлестігінің депутаттары мәжіліс залына депутаттар Александр және Андрей Табаловтард жібермеді, деп хабарлады Би-Би-Си-дің Орыс қызметі.

Украина Жоғарғы радасы жұмысын төбелеспен бастады

Бұдан бұрын олар «Батькивщина» бірлестігі фракциясына кіруден бас тартқан болатын, ал фракция әкелі-балалы Табаловтардан антты бұзғаны үшін мандаттарын тапсыруды талап етуде. Сайлау барысында олардың біреуі «Батькивщина» бірлескен оппозициясының тізімі бойынша, екіншісі - өзін-өзі ұсыну арқылы сайланды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Андрей Табаловтың бет-аузында қан бар, ал Жоғарғы рада залында «Өлекселер кетіңдер!» деген айқай естіледі. Қазір парламент жұмысында мәскеу уақытымен сағат 18.00-ге дейін үзіліс жарияланды.