Украинада 135 адам аяздың салдарынан көз жұмды - ТЖМ
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - 27 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Украинаның емдеу мекемелеріне 2600 адам үсіп кету немесе салқын тию диагнозымен келген, деп хабарлайды Украинформ. Олардың 2000-ы ауруханаға жатқызылды.
Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сілтеме жасай отырып, аязды күндері 135 адам көз жұмғанын хабарлады.
Бүгінде Украинада 3265 жылыту мекемесі жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы да 96 жылыту мекемесін ашу жоспарланып отыр. Соңғы күндері жылу мен ыстық тамақ беретін қосынға шамамен 10 мың, 27 қаңтардан бастап санағанда 85 мың адам келген.