Украинада 9 облыстың губернаторы отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның батыс және орталық облыстарының тоғыз облыстық әкімшілігінің басшылары өз өкілеттіліктерінен бас тартты. Бұл туралы әкімшіліктердің баспасөз қызметінен хабарлады.
Отставкаға кетуге Олег Сало (Львов облысы), Валентин Хоптян (Тернополь облысы), Александр Башкаленко (Волынь облысы), Василий Чуднов (Ивано-Франковск облысы), Сергей Рыжук (Житомир облысы), Геннадий Николенко (Николаев облысы), Андрей Николаенко (Кировоград облысы), Александр Удовиченко (Полтава облысы), Иван Мовчан (Виницк облысы) өтініш білдірген. Экс-губернаторлардың қабылданған шешімдері жайлы өтініштері облыстық әкімшілік сайттарында жарияланды. Отставкаға кетудің негізгі себебі ретінде елдегі «күрделі саяси жағдай» деп аталған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.