Украинада адам айтқысыз жол апаты болды: электричка автобусқа соқтығысты
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Украинада адам айтқысыз жол-көлік апаты орын алды. Маневрлі локомотив «Эталон» жолаушылар автобусына соқтығысты.
РБК-Украинаға Днепропетровск облысы бойынша ТЖМ бас басқармасы бастығының көмекшісі Александр Дмитерко хабарлағандай, төтенше оқиға Днепропетровск облысының Марганец қаласы маңындағы теміржол өткелінде орын алды.
Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеуде.
Украина ІІМ МАИ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, апат кезінде 38 адам қаза тапты. 15 адам түрлі дәрежеде дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, олардың 4-еуі аса ауыр халде.
Украина ІІМ МАИ ЖБО бастығы Дмитрий Андреев РБК-Украина агенттігіне хабарлағандай, Украина Ішкі істер министрінің тапсырмасымен оқиға орнына министрдің орынбасары Василий Фаринник пен Украина ІІМ МАИ бастығы Валерий Лозов бастаған жедел топ жүріп кетті.
Министр МАИ қызметіне теміржол өткелдеріндегі бақылауды күшейтуді және жолаушылар тасымалдаумен айналысатын (автобустар) көлік құралдарын техникалық бақылаудан өткізілуін қадағалауды тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа автобус жүргізушісі кінәлі. Ол семафордың тыйым салған белгісіне қарамастан, теміржол өткелінен өтіп кетпек болған. Бұл ақпаратты Приднепровск теміржолындағы ақпарат көзі де растап отыр.