Украинада ағайынды Кличколардың суреті басылған марка шығарылды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Украина пошта қызметінің "Укрпочта" мемлекеттік кәсіпорны бүгін украиналық боксшылар, ауыр салмақтағы әлем чемпиондары Виталий және Владимир Кличколардың суреті бейнеленген 1047 нөмірлі марканы шығарды,

Украинада ағайынды Кличколардың суреті басылған марка шығарылды

деп хабарлайды РБК агенттігі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Марка 40х28 мм форматымен шығарылған, әр марканың өз құны - 1,5 грн (6 рубльден асады). Тиражы 170 мың дана.