Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 ұшағы бір апта бұрын техникалық бақылаудан өткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysia Airlines авиакомпаниясы Украинада апатқа ұшыраған авиалайнердің техникалық ақауы болмағанын хабарлады, деп жазады «Би-би-си».
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, ұшақ 11 шілдеде Куала-Лумпур әуежайында техникалық байқаудан өткен. Келесі тексерістен 27 тамызда өтуі тиіс болатын. Boeing-777 ұшағына техникалық байқау тұрақты жасалынып отырған.
Еске сала кетейік, Malaysia Airlines авиакомпаниясының «Амстердам - Куала-Лумпур» бағытындағы рейсті орындушы Boeing-777 ұшағы Украина аумағында апатқа ұшырады. Бортта 298 жолаушы, оның 15-і экипаж мүшесі болған.