Украинада апатқа ұшыраған ұшақта Атырауда жұмыс істеген шетелдік отбасы қаза тапты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Украина болған ұшақ апатында Атыраудан Амстердам арқылы Малайзияға ұшып бара жатқан 6 адамнан тұратын бір отбасы қаза тапты.

Украинада апатқа ұшыраған ұшақта Атырауда жұмыс істеген шетелдік отбасы қаза тапты

«Біздің ақпарат бойынша, Украинада апатқа ұшыраған «Боингте» NCРOC қызметкері Джии Тамбидің отбасы болған, ол үш жыл Атырау облысында Қашаған теңіз кен орнын игеру бойынша, Солтүстік Каспий жобасында жұмыс істеген. Оның келісімшарты аяқталып, жұбайы, төрт баласымен Амстердам арқылы Малайзияға, үйіне қайтып бара жатқан», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне аталған мұнай компаниясынан.