08:47, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Украинада аптап ыстықтан балықтар қырылып жатыр
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Аптап ыстықтан тек адамдар ғана зардап шегіп жатқан жоқ. Өзендердегі су 26 және одан да жоғары градусқа ысып кеткен Украинаның оңтүстік өңірінде балықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Устрица, мидия сияқты теңіз жәндіктері де ыстыққа шыдай алмауда. Ал Севастопольде, Орловка селосының іргесінде соңғы бірнеше күннің ішінде бес дельфин жағаға шығып қалған. Оларды құтқармақ болған жергілікті тұрғындар дельфиндерді катерлермен теңізге алып шыққан, бірақ бірнеше сағаттан кейін олар қайтадан өздерін жағалауға лақтырған.
Синоптиктердің айтуынша, Украинада ыстықтың беті тамыз айының соңына дейін қайтпайтын түрі бар.