Украинада әскери жағдай режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

КИЕВ. Укринформ- ҚазАқпарат – Украинаның Жоғары Радасы елде жарияланған әскери жағдай режимін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарт Укринформ сілтеме жасап.

Украинада әскери жағдай режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

«Жоғары Рада елдегі әскери жағдай режимін 25 мамырға дейін ұзартты» , - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 24 ақпанда Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеген еді.