Украинада аяздың салдарынан 100-ден астам адам көз жұмды

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Украинада аяздың салдарынан көз жұмған адамдардың саны күрт өсіп, 101-ге жетті. Бұл туралы Утро.ру хабарлады.

Украинада аяздың салдарынан 100-ден астам адам көз жұмды

101 адамның 11-і ауруханада, 26-сы үйде көз жұмды, далада үсіп өлген күйінде 64 адам табылды. Сондай-ақ Украинаның тағы жүздеген адамы үсік шалу диагнозымен ауруханаға жеткізілді.  

Айта кетейік, 2 ақпанда суықтан көз жұмғандардың саны әлдеқайда төмен  - 63 адам болатын.