Украинада бір топ босқынға оқ атылып, түгелге дерлік қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Луганский облысында бір топ босқындарды атып тастады. Оқиға Краснодон ауданы Хрящеватый ауылында орын алды, деп хабарлады би-Би-Си.

Украинада бір топ босқынға оқ атылып, түгелге дерлік қаза тапты

Би-би-сидің бұл ақпаратын украиндық күш операциясының өкілі Леонид Матюхин растады.

Оның айтуынша, қазір құрбандар саны анықталуда. Алайда топта болған босқындардың барлығы қаза тапқан.

"Көпшілігі тірідей жанып кетті", - деді Матюхин. Ол мұны сепаратистердің әрекеті деді.

Бұдан бұрын "Украинская правда" интернет-басылымы украиндық «Север» жедел қолбасшылық баспасөз орталығының басшысы Анатолий Прошинге сілтеме жасай отырып сағат 9:40-тарда Хрящеватый және Новосветловка елді мекендерінің бір топ босқындарына оқ атылды деген хабар жариялаған.

"Құрбан болғандар саны көп. Адамдар олар мінген көлікпен қоса жанып кеткен", - дейді Прошин.

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің баспасөз хатшысы Андрей Лысенко қаза тапқандар өте көп, бірақ нақты саны әзірге белгісіз екенін айтты.