Украинада Қазақстанға бағыт алғанда басып алынған КамАЗ-дар иелеріне қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні Украинада белгісіз біреулер басып алған, қазақстандық фермерлерге жеткізілуі тиіс болған КамАЗ көліктері өздерінің заңды иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды «КАМАЗ» ААҚ баспасөз қызметінен.

Украинада Қазақстанға бағыт алғанда басып алынған КамАЗ-дар иелеріне қайтарылды

«Украинада белгісіз тұлғалар басып алған 43 автокөлік заңды иелеріне - Черинговтегі «КАМАЗ» сауда компаниясына қайтарылды», - делінген хабарламада.

Аталмыш көліктердің алдында жоспарланғандай, Қазақстанға қайта жіберілетіні немесе жіберілмейтіні туралы әзірге еш мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыз күні Украинада Қазақстанға бағыт алған «КамАЗ» автомобильдерінің ірі партиясын қаруланған бір топ адам басып алған еді. Аталмыш оқиғадан кейін компания өкілдері туындаған мәселені дипломатиялық өкілдер арқылы шешпек болған. Ал 18 наурызда тартып алынған автотехниканың 30 бiрлiгi «Оңшыл сектордың» өкiлдерiмен Чернигов қаласының орталық алаңына жеткiзiлдi. Қалған 13 көлiк қаланың ақылы автотұрақтарының бiрiнде күзетшілердің қарауында болған. Алайда, қаруланған адамдар көлік иелерін автомобильдеріне жолатпаған.