Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 маусымдағы жағдай бойынша Украинада 30 506 адамның COVID-19 жұқтырғаны зертханалық тұрғыда расталды, бір тәулікте ауруға шалдыққандар саны – 753. Бұл туралы Украинаның коронавирус эпидемиясының таралуын бақылау жөніндегі арнайы ресурсында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асты

Сенбі күні таңертең жарияланған мәліметке сәйкес, Украинада 30506 адамның COVID-19 жұқтырғаны зертханалық тұрғыда расталды, бір тәулікте 753 адам тіркелді.

409 адам емделіп шықты.

Жалпы, 13976 адам жазылып шықса, коронавирустан қайтыс болғандар саны – 880.

Өткен тәулікте Львов облысында - 132 адам, Закарпат облысында - 77, Киевте – 72 және Ривненск облысында – 66 адам тіркелген.