Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты

КИЕВ. Укринформ – ҚазАқпарат – Украинада 28 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-ға шалдығудың 16 294 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат Укринформға сілтеме жасап.

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты

«Украинада 28 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-ға шалдығудың 16 294 жаңа оқиғасы тіркелді. Жекелей алғанда 689 бала мен 631 медицина қызметкері ауырған», - деп хабарлады министр.

Оның айтуынша, өткен тәулікте 1 639 пациент ауруханаға жеткізілген. 184 өлім жағдайы тіркелген. 8 897 адам сауығып шыққан. 67 348 тестілеу жүргізілген.

Степанов пандемия басталғалы Украинада 709 701 коронавирус жұқтыру дерегі, 12 093 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады. 335 135 адам емделіп шыққан.