Украинада Malaysia Airlines лайнері құлаған соң компания акциялары 11% арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Malaysia Airlines компаниясы акцияларының бағасы бірден төмендеп кетті. Бұл Boeing-777 ұшағының Украина аумағында құлауымен байланысты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Куала-Лумпур биржа қорында болған таңертеңгілік саудада ұлттық әуе тасымалдау компаниясының акциялары бірден 11% құнсызданды.
Malaysia Airlines осыдан бірнеше ай бұрын Үнді теңізінің аумағында жоғалған ұшағынан кейін қалпына келе алмай жатыр. Ол кезде ұшақ бортында 239 адам болған.
Жұма күні Азияның көптеген қорында, соның ішінде Сингапур, Гонконг, Индонезия, Корея және Филиппинде көрсеткіштердің төмендегені байқалды. Жергілікті сарапшылар атап өткендей, инвесторларды Украинадағы геосаяси жағдай алаңдатады.
Boeing-777 Malaysia Airlines Ресей шекарасының қасындағы Украина аумағында құлады. Лайнер Амстердам - Куала-Лумпур бағытында ұшқан. Оның бортында 298 адам - 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болды. Лайнер 17 шілдеде шамамен сағат 17:25 мск-те Ресей шекарасынан асып өтуі тиіс еді.