Украинада малайзиялық Boeing апатқа ұшырап, 280 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі қазаға ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиндық күш-қуат өкілдері малайзиялық Boeing ұшағының Украинаның шығысында апатқа ұшырағанын қуаттады, деп мәлімдеді ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне күш-қуат арнайы операциясының ресми өкілі Владислав Селезнев, деп хабарлады агенттік.
«Мұндай ақпарат бар, «Амстердам- Куала-Лумпур» бағытындағы Boeing 777 Торезден солтүстікке қарай пунктте құрады. Ол белгілі бір халықаралық дәлізбен ұшып келе жатқан болатын», - деді Селезнев.
Бұдан бұрын украиндық БАҚ Еспресо.TV өз дереккөзіне сілтеме жасап Амстердамнан Малайзияға бағыт алған ұшақ қазір белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан Донецк облысының Шахтерск қаласы маңында құлағанын хабарлаған болатын.
Интерфакс ақпараты бойынша, 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі қаза тапқан.