Украинада мемлекеттік тілге қысым жасағандарды түрмеге отырғызу ұсынылды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Украинада мемлекеттік тілге қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Lenta.ru ақпараттық порталы.

Украинада мемлекеттік тілге қысым жасағандарды түрмеге отырғызу ұсынылды

Тиісті заң жобасын парламентке «Свобода» оппозициялық ұлтшылдар партиясының мүшелері енгізді. Қылмыстық кодекске түзетулер енгізуге бағытталған жобаға сәйкес, жазаны «мемлекеттік тілді ақпараттық кеңістіктен қасақана ығыстыру, Украина аумағында қоданылу аясын қысқарту, еркін қолдануға тыйым салу немесе кедергі жасау, коммуникация саласында, мектепалды, орта және жоғары білім беру мекемелерінде шет тілдерінің басымдылығына қолдан жағдай жасау, сонымен қатар мемлекеттік тілді көпшілік алдында қорлау мақсатында жасалған іс-әрекеттерге» қарсы қолдану жоспарлануда.

Жоғарыда айтылған әрекеттер үшін ұлтшылдар 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасын қолдануды көздеуде. Ал егер жазаға тартылушы мемлекеттік қызметкер болса, жазаны 5 жылға дейін қарастыруды ұсынған. Украин тіліне қысым жасау «ауыр жағдайларға» соқтырған болса, жаза мерзімін 7 жылға дейін созу көрсетілген.

Авторлардың айтуынша, аталмыш өзгерістер қосымша бюджет қаражатын талап етпейді.