Украинада наразылық акциясының 14 қатысушысы қамауға алынды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Киевтегі наразылық акциясы барысында Украинаның құқық қорғау органдары 64 қылмыстық өндірісті бастап, 14 адамды қамауға алды. Бұл туралы Украина ІІМ бас тергеу басқармасы басшысының орынбасары Олег Татаров хабарлады, деп жазады ВВС.
Сонымен қатар наразылық акциясы кезінде ауруханаға жеткізілгендер 412 адамға дейін жеткен. Зардап шеккендердің арасында 220-дан астамы құқық қорғау органдарының қызметкерлері екен.
21 қарашадан бері Украинада еуроинтеграция жақтастарының жаппай акциясы өтіп жатыр. Олар ЕО-мен қауымдастық жөніндегі келісімге қол қою даярлығын тоқтата тұру туралы Министрлер кабинетінің шешіміне наразы.