Украинада наразылық білдірушілер үкіметтің ғимаратына кіреберісті жауып тастады

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Киевте наразылық акциясына қатысушылар Украинаның Министрлер кабинетіне және Ұлттық банкке кіретін барлық есіктерді оқшаулап, қызметкерлердің қозғалысына шектеу қойды.

Украинада наразылық білдірушілер үкіметтің ғимаратына кіреберісті жауып тастады

Атап айтқанда, митингке қатысушы 5 мыңнан астам адам үкімет ғимаратының бас кіреберісінің алдына келіп тоқтады.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, үкімет ғимаратының ауласында арнайы бөлімше жасағының қызметкерлері тартылды, алайда милиция ешқандай белсенді іс-қимыл жасап жатқан жоқ.

Жексенбіден бері Киевтің орталық көшелерінде ондаған мың адам жүр. Олар ЕО-мен қауымдастық жөніндегі келісімге қол қоюды тоқтату тұру туралы украиналық үкіметтің шешіміне қарсы наразылықтарын білдіруде.