Украинада облыстық кеңес ғимаратын басып алмақ болған 50-ден астам адам тұтқындалды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Украинаның орталығындағы Черкасск қаласында облыстық кеңес ғимаратын басып алуға ұмтылу әрекеті орын алғаннан кейін 50-ден астам адам тұтқынға алынды,
деп хабарлады ВВС.
«Сағат 23:00 шамасында полиция қызметкерлері ғимаратқа заңсыз басып кірген тұлғалардан Черкасск облыстық кеңесін босатты. Құқық бұзушыларды ұстау шаралары қолға алынуда. Жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін милицияға 58 адам жеткізілді», - делінген жергілікті ІІМ хабарламасында.
Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Украинаның бірнеше қаласындағы жергілікті билік әкімшіліктерінің ғимараттарын тұрғындар басып алған болатын. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, қарсылық танытушылар Львов пен Ровно қалаларының облыстық әкімшілігі ғимараттарын басып алып, тосқауылдар қоюда.