00:42, 18 Тамыз 2019 | GMT +5
Украинада өртенген қонақ үйде 9 адам мерт болды
ОДЕССА. Укринформ - ҚазАқпарат – Одесса қаласындағы «Токио Стар» қонақүйіндегі өрттен құрбан болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

«Нақтыланған ақпарат бойынша 17 тамызда сағат 14:12-де тергеу жүргізу барысында өрт болған жерден 9 адамның денесі табылды», - делінген Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі таратқан хабарламада.