Украинада президенттікке кандидаттарды ұсыну аяқталып келеді

АСТАНА.  Қарашаның  6-сы.  ҚазАқпарат -      Украинада  президенттікке  кандидаттарды ұсыну    аяқталуға жақындады, 

Украинада президенттікке кандидаттарды ұсыну аяқталып келеді

 деп хабарлайды «Азаттық»  радиосы.

 Кандидаттарды тіркеу    мерзімі     қарашаның 13-де аяқталады,   содан кейін  Орталық сайлау комиссиясы  олардың  тізімдерін   жариялауға міндетті.

 Қазіргі уақытта   мемлекет басшылығына  14 үміткер     тіркеліп  отыр.  Олардың  қатарында - елдің  қазіргі президенті Виктор Ющенко, премьер-министр Юлия Тимошенко  және    бұрынғы премьер,  оппозициялық   Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович бар.

 Жеңіске  айқын таласы  бар  үміткерлердің  қатарында Янукович пен  Тимошенко аталуда.

 Украинада президенттік сайлау  қаңтардың 17-де өтеді.