Украинада ресейліктер отырған автобус аударылды, 15 адам қаза тапты

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Украинада ресейлік жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Укринанынң ТЖМ-нен.

Украинада ресейліктер отырған автобус аударылды, 15 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Чернигов ауданында орын алды. Киевке жол жүріп келе жатқан Scania автобусы Топчивка және Красное елді мекендерінің арасында аударылды. Оның ішінде барлығы 41 адам отырған, олардың көбі Ресей азаматтары болып табылады, деп хабарлайды РБК.

Алдын ала болжам бойынша, автобустың ішінде Псков облысының Великие Луки қаласынан Украина астанасына жол жүріп келе жатқан зиярат етушілер бар болатын.

Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмады.