Украинада шахтада жарылыс болды: 16 адам қаза тапты
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Украинада Луганск облысының Краснодонск ауданындағы Суходольск қаласында шахтада жарылыс болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Украина Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, жарылыс салдарынан 16 адам қаза болған, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Екі кенші күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Ю.Бойко оқиға орнына аттанды. Ол жетекшілік ететін арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын болады.