Украинада шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Украинада халықаралық автобустың қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Украинада шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Апат салдарынан бір адам қаза тапса, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні Киев-Чоп автожолында болған. "Трир (Германия) - Кировоград" бағыты бойынша жүретін халықаралық автобус аударылып қалған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жылдамдықты дұрыс таңдамай, рульге ие бола алмай қалған.

Апаттан 1950 жылы туылған Украина азаматшасы қаза тапты. 11 адам, соның ішінде 5 бала жарақат алды. Алдын ала алынған ақпаратқа жүгінсек, зардап шеккен адамдар арасында Германияның 4 азаматы, Украинаның төрт азаматы, Люксембургтің екі азаматы мен бір француз болған.