Украинада Тимошенкоға қатысты жаңа сот процесі басталды
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Харьковта Украинаның бұрынғы премьеріне қатысты жаңа сот басталуда, деп хабарлайды Утро.ру.
Качанов колониясында жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенко, «Украинаның бірыңғай энергетикалық жүйелерінің» басшысы кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғандығы туралы іс бойынша, бүгін басталуы тиіс сот отырысына қатысудан бас тартты. Бас тартуды Украинаның бұрынғы премьері денсаулық жағдайымен түсіндірді.
Тимошенко өз өтінішінде Харьков қаласының Киев аудандық сотының 2012 жылғы 2 сәуірдегі ескерту қағазы арқылы, өзіне бірқатар қылмыстарға қатысты тағылып отырған айыптаулар бойынша № 2310 қылмыстық іс, 19 сәуір күні сағат 10:00-де алдын ала қарастырырылатындығы туралы ақпараттандырылғанын жазды. «Украинаның ҚПК-мен қарастырылған өз құқықтарымды пайдалана отырып, жоғарыда аталған іс бойынша алдын ала отырысты денсаулығымның жағдайына байланысты менің қатысуымсыз өткізуіңізді сұраймын», - деп жазды Тимошенко.