Украинада тұмаудан 70 адам көз жұмды

АСТАНА.  Қарашаның 3-і.  ҚазАқпарат -  Украинада тұмаудан  70 адам көз жұмды,  олардың қатарында   үш бала және  екі  жүкті әйел  бар,
None
None

деп     хабарлады  Украина  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Аталған    оқиғалардың  30-ы    Львов  облысында тіркеліп  отыр, бұл облыста   90  мыңға жуық  адам  тыныс жолының  жіті вирустық инфекциясын   жұқтырған -   бұл  елдегі ең үлкен көрсеткіш.

 Жалпы алғанда    Батыс Украинаның  9 облысының 8-де   тұмаудан кісі өлімі  тіркелген,    ол өңірлерде карантин   режімдері енгізіліп  отыр.   Тернополь облысынан түскен ресми  ақпарат бойынша,  тұмаудан  қайтыс болған  16  адамның  жетеуі  жаңа тұмаумен  ауырған  болып    шықты.

 Украинада     тұмаумен және тыныс жолының  жіті  инфекциясымен    255,5  мың адам  ауырып жатыр.    235 науқас   өте ауыр жағдайда.

Соңғы жаңалықтар