09:29, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Украинада тұмауға немқұрайды қарау фактісі бойынша іс қозғалды
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Украинада жаңа тұмаумен күресу кезіндегі немқұрайдылылық үшін қылмыстық іс қозғалды,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бұл жерде адамдардың өліміне әкелген санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылу фактісі туралы сөз болып отыр. Заң бойынша, бұл фактілер үшін бес жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тексеру шараларын ұйымдастыру үшін қылмыстық іс бас прокуратураның тергеу басқармасына жолданды.
Бұған дейін баспасөз беттерінде, жаңа тұмауды анықтау үшін республиканың денсаулық сақтау министрлігі сатып алған тест-жүйенің іске жарамсыз екендігі туралы ақпараттар жарияланған болатын.