Украинада Жеңіс Туын желбіретуге тыйым салынды

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Украинадағы Тернополь облыстық кеңесінің басшысы, «Бостандық» партиясының мүшесі Алексей Кайда 9 мамырда коммунистік символика мен бұрынғы КСРО-ның рәміздерін пайдалануға қатаң тыйым салатын жарлық шағарды.
None
None

Бұл туралы аталмыш партияның баспасөз орталығына сілтеме жасап, rosbalt.ru  сайты хабарлайды.

«Біз осы жарлықты қатаң сақтаймыз және Бухенвальдты Колымның жеңген күнінде қызыл жалауларды ілуге жол бермейміз», - депті шенеунік.

Бұдан бұрын Жеңіс күнінде қызыл жалауларды ілмеу туралы шешім Львовта да шыққан болатын. Дегенмен Прокуратура ол жарғының күшін жойған. Өйткені ол Ұлы Отан соғынысының батырланын мәңгі есте сақтау туралы Украина заңына қайшы көрінеді.

«Бостандық» партиясының мүшелері Украинаның батысында үлкен күшке ие екенін атап өткен жөн. Олар осыдан бір жыл бұрын да 9 мамыр қарсаңында елде қызыл жалауларды ілуге қарсы шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар