Украинада жол талғамайтын көлік бір топ адамды таптап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Львов қаласында жол талғамайтын көлік бір топ адамды жаншып өтіп, бір әйел көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.
«Land Cruiser» топ адамды қағып өтті. Тіпті бірнеше бағанды құлатып өтіп, аударылып қалды... Бір әйелдің қаза болғаны ғана белгілі. Тағы бір зардап шеккен әйелді жедел жәрдем алып кетті", - делінген хабарламада.
Апат салдары әзірге белгісіз. Куәгерлер жүргізуші сау көрінгенін айтты.